Еркебұлан Шамұханов Монреальдағы әлем кубогында үздік бестікке енді

Еркебұлан Шамұханов Монреальдағы әлем кубогында үздік бестікке енді

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогының екінші кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, бұл жолы қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды.

<span>500 метрге жарысқан Абзал Әжіғалиев 11-ші, Денис Никиша 46-шы орыннан көрінді. Бұл сында венгриялық Шаолин Лю жеңіске жеткен.</span>

<span>1000 метрлік сында қазақстандық Еркебұлан Шамұханов жоғары нәтиже тіркеп, үздік бестікке енді. Ол Ресей және Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберді. Ал Мерсаид Жақсыбаев 16-шы орында.</span>

<span>5000 метрлік эстфетада Қазақстан 9-шы орынға тұрақтады. Бұл сында Венгрия, Оңтүстік Корея және Ресей спортшылары үздік үштікке енген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или