Шамұханов шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде бесінші орынға ие болды
Шорт-тректен Канадада өтіп жатқан әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1000 метрлік қашықтыққа жүгірген қазақстандық Еркебұлан Шамұханов 1:29,916 минут уақыт көрсеткішімен мәреге бесінші болып келді.
Ресейлік Семен Елестратов (1:29,275) бірінші болып келсе, оның артынан іле-шала жеткен оңтүстік кореялық шорттрекшілер Пак Ин Вук және Пак Чжи Вон екніші, үшінші орындарға ие болды (1:29,361 минут және 1:29,417 минут).
Еске сала кетелік, әлем кубогының келесі кезеңі Жапонияның Нагоя қаласында 29 қараша - 1 желтоқсан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или