Сағадат Аяп ITF World Tour кезеңінің жұптық сынында жеңіске жетті

Сағадат Аяп ITF World Tour кезеңінің жұптық сынында жеңіске жетті

4-6 қараша күндері Шарм-Эль-Шейхте теннистен халықаралық ITF World Tour кезеңі өтті. Қазақстандық теннисші Сағадат Аяп жұптық сында германиялық Кай Лемстрмен жеңіске жетті.

<span>23 минутқа созылған ойында Аяп/Лемстр Польша спортшысы Петр Матушевски мен Каспер Жуктан айласын асырды. Кездесу 6:1, 7:6(2) есебімен аяқталып, бірінші жұп жеңіске жетті. </span>

<span>Айта кетерлігі, Аяп пен Лемстр бірінші ойында Казума Кавачи (Жапония) мен Ченг Юді (Тайбэй) ұтты. Одан кейін ¼ финалда голландиялық жұп Де Йонг/ Понжодикромодан басым түсті. Ал жартылай финалда олар Майга (Щвейцария)/Рикку (Италия) жұбын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или