Никита Чирюкин нысана көздеуден екі дүркін Азия чемпионы атанды

Никита Чирюкин нысана көздеуден екі дүркін Азия чемпионы атанды

<span>Катар астанасы Дохада нысана көздеуден лицензиялық Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бүгін сынға түскен Никита Чирюкин жасөспірімдер арасындағы екінші алтынын жеңіп алды.  </span>

<span>Қазақстандық жас спортшы 25 метрге тапанша көздеуден МП-5 жаттығуы бойынша Азия чемпионы атанды. Ол жалпы есепте 587 ұпай жинаған.  </span>

<span>Күміс және қола медальді тиісінше Қытай және Оңтүстік Корея спортшылары иеленген.  </span>

<span>Никита Чирюкин кешегі жарыс күнінде МП-10 жаттығуы бойынша құрлық үздігі атанған болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или