Басқа

Қазақстан қыздар құрамасы құзға өрмелеуден Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстан қыздар құрамасы құзға өрмелеуден Азия чемпионатының финалына шықты
news-banner7
mobile-news-top

Индонезияның Богор қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» бойынша 1/8 айналымға өтті деп жазады
Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әмір Маймұратов 11-ші, Ришат Хайбуллин 13-ші, Роман Костюков 16-шы орынмен келесі сатыға өтті. Өкінішке қарай, Әлімжан Мырзабеков пен Мұрат Әлішер іріктеуден аса алмады. Ал қыздар командасы аталған бағдарлама бойынша финалға өтті. Жартылай финалда Әсел Марленова 7-ші, Маргарита Агамбаева 11-ші, Тамара Улжабаева 12-ші нәтиже көрсеткен. «Боулдеринг» және «қиындық» бойынша команда спортшылары ақтық сынға өте алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер