Жүзге бөлінген жанкүйерлер. «Ақтөбенің» фанаттары ереуілге шықты

Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лиагасының 27-ші туры аясында кезекті ойындар өтеді. Орталық матчта алматылық «Қайрат» батысқазақстандық «Ақтөбені» қабылдайды.

Ақтөбеден арнайы ат терлетіп келген фанаттар бұл кездесуге ерекше дайындалуда. Себебі Қазақстан кубогы аясындағы соңғы ойында «Ақтөбе» «Қайраттан» 7:1 есебімен ойсырай ұтылған. Футболшыларға қолдау көрсету мақсатында фанаттар баннерлерін дайындап әкелген көрінеді. Алайда «шаш ал десе, бас алатын» әдетке салған кейбір жанкүйерлер тым артық кеткен секілді.

Мәселе - трайбализмде! «Кіші жүз алға!» деп шаңқай түсте Алматының орталық көшесімен ереуілдеп өткен жанкүйерлер автожүргіншілер тұрмақ қарапайым қала тұрғындарының намысына тиердей балағат сөз айтып жергілікті халықты еш сыйламайтындай оғаш қылық көрсетті.

Қазақта «Руға бөлінгеннің рухы сынсын,жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деген аталы сөз бар. Кейбір жанкүйерлерге осыны ұмытпаған абзал...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или