Басқа

Сәрсенкүл Рыспекова: Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғаныма қуаныштымын

Сәрсенкүл Рыспекова: Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшы стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ел қоржынына 22-ші лицензияны салған Сәрсенкүл Рыспекова қуанышымен бөлісіп, алдағы жоспарын айтты.

- Құрлықтық біріншілікте үздіктер қатарынан көрініп, Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Қазақстанда стенд атудан Олимпиадаға жолдама бары біз үшін үлкен мәртебе.

Азия чемпионаты лицензиялық турнир болғандықтан өте жоғары дәрежеде дайындалдық. Құрлықтық біріншілік алдында Кувейтте арнайы оқу-жаттығу жиынын өткіздік.

Командалық жарыста Азия үздігі атану – біздің құрама үшін өте жақсы нәтиже. Әнұранды жеңіс тұғырында шырқаған сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қарсыластарым да осал болған жоқ. Турнир лицензиялық болғандықтан қатысушылар саны әдеттегіден көп болды. Әр елдің мықтылары келіп, төрт жылдықтың басты додасына жолдаманы сарапқа салды.

Біз енді мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлі 2020 жылы өтетін әлем кубогтары бар", - дейді Сәрсенкүл Рысбекова.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер