Басқа

ҚР және Ресей Мәдениет министрліктері ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды

ҚР және Ресей Мәдениет министрліктері ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды
news-banner7
mobile-news-top

2019 жылғы 7 қарашада Омск қаласында Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастық жөніндегі өңіраралық форумы аясында Мәдениет министрлері Ақтоты Раимқұлова мен Владимир Мединский Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі арасында 2020–2022 жылдарға арналған жаңа ынтымақтастық бағдарламасына қол қояды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы 2019 жылдың 6-7 қарашасында Омск қаласында өтеді. Ресей-Қазақстан өңіраралық форумы екіжақты қатынастарды нығайтуға, іскерлік байланыстар мен екі елдің үкіметтік және бизнес өкілдері арасындағы байланыстарды әртараптандыруға арналған тиімді алаң болып табылады.

Еске салайық, 14 қазанда Нұр Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссияның алғашқы отырысы өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер