Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады

10-16 қараша аралығында Бахрейн Корольдігінің астанасы Манамада ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты өтеді.

Әлем чемпионатына Қазақстанның 45 спортшысы қатысады. ММА бойынша ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері Баян Жанғалов және әйелдер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Нұрлан Мамыралиев бастап барады.

Айта кетейік, команданы дайындауға кәсіби спортшылар Асу Алмабаев пен Жұман Жұмабеков көмектесіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или