Сергей Ковалев тағы екі жекпе-жек өткізеді
Сергейдің бокстан кетер ойы жоқ, деп жазады Prosports.kz.
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев Сауль Альвареске ұтылғаннан кейін кем дегенде екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
VA Sports хабарлауынша, 36 жастағы Ковалев DAZN-мен екі жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасағысы келеді. Бұл туралы дереккөзге боксшының промоутері Кэти Дува хабарлады. WBA чемпионы Дмитрий Бивол және WBC / IBF бірлескен чемпионы Артур Беретбиев Ковалевтің қарсыласы атануы мүмкін.
Еске сала кетейік, Сауль Альварес он бірінші раундта Сергейді сұлатқан еді. Жеңісінен кейін Сауль чемпиондық белбеуінен бас тартып, орта салмаққа қайта оралатынын жеткізген болатын.
Сергей Ковелев Головкинге не үшін риза екенін жеткізді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или