Бокс

Алматыда Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін SK Boxing турнирі өтті

Алматыда Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін SK Boxing турнирі өтті
news-banner7
mobile-news-top

3 қараша күні Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайы аумағында КСРО спорт шебері, Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін турнир өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Алматыдағы SK Boxing клубында жаттығатын әуесқой боксшылар қатысты. Аталмыш клуб қаланың түкпір-түкпірінде орналасқан. Былғары қолғап шеберлері 15 салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.

Турнир қорытындысы бойынша 48 келіде сынға түскен Арыстанбек Назерке есімді бұрымды қыз үздік боксшы атағын жеңіп алды.

Жарысқа қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттауға екі дүркін КСРО чемпионы, Еуропа чемпионатының жүлдегері Кәрімжан Әбдрахманов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Болат Жәпенов және кәсіпқой боксшы Арман Рысбек қатысты.

- Бүгінгі бокс жарысына қатысқан боксшылар да, оларды қолдап, әдемі бокс көру үшін келген жанкүйерлер де риза деп ойлаймын. Күні сайын боксқа деген қызығушылықтың артып жатқанын байқаймын. Бұл әрине қуантады. Болашақта да көптеген жарыстар ұйымдастыру жоспарда бар - деді турнир соңында сөз сөйлеген Серік Қонақбаев.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер