«Мен оралам» - Ковалев жекпе жектен кейін пікір білдірді
Бүгін, 3 қараша күні <span class="s1">Лас-Вегастағы</span><span class="s1"> MGM Grand кешенінде өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Сауль Альварес пен Сергей Ковалев кездескен болатын. </span>12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 11 раундта аяқталды. Сауль Альварес Сергей Ковалевті нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. Осылайша Канело төртінші салмақ дәрежесінде чемпион атанып отыр.
Жекпе-жектен кейін Сергей Ковалев мынадай пікір білдірді:
«Бұл да бір тәжірибе болды. Альварес - ұлы чемпион. Алдыңғы жекпе-жектен кейін толық қалпыма келе алмадым, дегенмен бәрі жақсы өтті. «Канело» - сыйлауға тұрарлық тұлға. Ол тарихта атын қалдырды. Қолдауларыңызға рахмет!
Бапкерім джебті көп қолдан деген еді, алайда маған төзімділік жетпеді. Бәрі жақсы. Мен ораламын. Мен титулдарды біріктіре алатыныма сенемін. Біріккен жекпе-жек өткізгім де келеді, бірақ жартылай ауыр салмақта менімен ешкім жұдырықтасқысы келмейді».