Мейірім Нұрсұлтанов төрешілердің шешімімен жеңді
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) пен мексикалық қарсыласы Кристиан Оливаспен (16-5, 13КО) жекпе-жек өткізді.
Лас-Вегаста Ковалев – «Канело» андеркардында әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) Мексиканың былғары қолғап шебері Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) кездесті.. Бәске орта салмақтағы World Boxing Council United States (USNBC) чемпиондық белбеуі қойылған. Жекпе-жек барлық 10 раундта созылып, Мейірім Нұрсұлтано төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Еске сала кетелік, Оливастың алдыңғы қарсыласы да қазақстандық боксшы болатын. Жәнібек Әлімханұлымен WBC <span>Continental Americas төбелескен мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан еді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или