Екатерина Быкова ауыр атлетикадан Беларусьтағы турнирде алтын алды
<span>Ауыр атлетикадан Беларусь елінде өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Быкова жеңіске жетті. </span>
<span>71 келі салмақа сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 210 келіні бағындырды (93+117). Күміс жүлдені польшалық Иоланта Вьор (195 келі), қола медальді израильдік Марина Оман (175 келі) иеленген. </span>
<span>Ауыр атлетикадан Alexander Cup рейтингілік турнирі Гродно қаласында өтуде. Бұған дейін 55 келідегі Зүлфия Чиншанло қола жүлде жеңіп алған болатын. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или