Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласымен көз арбасты
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) мексикалық қарсыласы Кристиан Оливаспен (16-5, 13КО) көз арбасты.
Лас-Вегаста WBO тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына таласатын ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасатын боксшылар да салмақ өлшеу рәсімін жасады.
<iframe width="512" height="288" src="https://www.youtube.com/embed/3E-WeXRSrO4" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>
Ковалев – «Канело» андеркардында әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) Мексиканың былғары қолғап шебері Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) кездеседі. Бәске орта салмақтағы World Boxing Council United States (USNBC) чемпиондық белбеуі қойылған.
Жекпе-жек алдында қарсыластардың салмақтары 160 фунтты көрсетті.
Еске сала кетелік, Оливастың алдыңғы қарсыласы да қазақстандық боксшы болатын. Жәнібек Әлімханұлымен WBC Continental Americas төбелескен мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан еді.