Ақбербаев Тищенкомен жекпе-жекті жалғастырудан бас тарты
Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) Ресейде жергілікті спортшы Евгений Тищенкомен (5-0, 3 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокс кешінде Иса Ақбербаев жетінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Ал бесінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсті.
Осылайша Евгений Тищенко чемпиондық белбеуін қорғап, мансабындағы алтыншы жеңісіне жетті. Ал Иса Ақбербаев алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или