Қазақстандық теннисші Парагвайда өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Парагвайда өтіп жатқан ITF турнирінің финалына шықты

28 қазанда Парагвайда ITF сериялы халықаралық теннис турнирі басталды. Қазақстандық теннисші Анна Данилина жұптық турнирдің финалына шықты.

Швейцария өкілі Конни Перринмен жұп құраған Данилина Бразилия теннисшілері Лаура Пигосси мен Луиза Стефаниді 7:5, 6:7 (1), 10:6 есебімен жеңді.

Финалда олар Испания өкілі Георгина Перестен және Венесуэладан келген спортшы Андрей Гамиспен кездеседі.

Жекелей сында Анна Данилина екінші раундта италиялық Сара Эрраниден ұтылып қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или