Сергей Ковалев Головкинге не үшін риза екенін жеткізді
WBO нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалев Krusher Podcast You-Tube арнасына берген сұхбатында Геннадий Головкинмен Big Bear-дағы сыпайы қарым-қатынасты еске түсіріп, Абель Санчестің жаттығу әдістері туралы әңгімеледі, деп жазады Prosports.kz.
- Маған Гена сияқты спаррингтік серіктес керек болды. Big Bear-ге көтерілгенде, мен Генамен спарринг бастадым. Өзімнің бұрынғы деңгейіме қайта оралдым, тіпті өстім. Сондықтан мен Геннадийге сол жерде өткізген уақытым үшін өте ризамын. Бірақ, ол жерден қуана-қуана кеттім. Өйткені, Абельдің методикасы - организмді өлтіру ғана. Ойлап қараңыз, сенбі күні жекпе-жек өткізесің, жексенбі бір күн демаласың, ал дүйсенбі күні ол сені жаттықтыру залында күтеді. Мен Абельге: жоқ дегенде бейсенбіде спортзалға келемін десем, ал, ол: «жоқ, дүйсенбіде», - дейді. Отбасым бар, солардың жанында біраз уақыт өткізейін десең, қырсығып тұрып алады.
- Головкинде солай істеді ме?
- Әрине. Гена мұны ұтылғаннан кейін түсінді. Бұл менің пікірім. Ол неге кетті? Себебі оны әбден қажытты. Байқасаңыз, Альвареспен екінші жекпе-жегі барысында алғашқы раундтан кейін-ақ ол шаршай бастады. Межеден тыс организмге салмақ түсіргені көрініп тұрды. Бірінші жекпе-жекте Гена жеңді деп ойлаймын. Екінші кездесуде Альварес басым болды, сондықтан жеңісі де орынды. Бұл менің пікірім. Әркімнің өз көзқарасы бар екені түсінікті.