Ковалев – «Канело» андеркардында жұдырықтасатын Нұрсұлтанов салмақ өлшеу рәсімін жасады
Лас-Вегаста WBO тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағына таласатын ресейлік Сергей Ковалев пен мексикалық Сауль Альварес <span>жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасатын боксшылар да салмақ өлшеу рәсімін жасады</span>, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ковалев – «Канело» андеркардында әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (12-0, 8КО) Мексиканың былғары қолғап шебері Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) кездеседі. Бәске орта салмақтағы World Boxing Council United States (USNBC) чемпиондық белбеуі қойылған.
Жекпе-жек алдында қарсыластардың салмақтары 160 фунтты көрсетті.
Еске сала кетелік, Оливастың алдыңғы қарсыласы да қазақстандық боксшы болатын. Жәнібек Әлімханұлымен WBC Continental Americas төбелескен мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан еді.