Жеңілуді білмейтін қазақ боксшысы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Жеңілуді білмейтін қазақ боксшысы АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бүгін, 2 қараша күні АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласындағы  (Мэриленд штаты) MGM National Harbor кешенінде өтетін бокс кешінің қатысушылары салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталмыш шоу аясында кәсіпқой рингте жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген қазастандық боксшы Шыңғысхан Тәжібай (8-0, 2 КО) аргентиналық Николас Атилио Веласкеспен (11-6, 3 КО) жұдырықтасады.

Тәжібайдың салмағы 141,2 фунт, қарсыласыныкі 144,2 фунт болды.

Қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 2018 жылдың 27 қазанында америкалық ХуанРодригеске қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или