Ақбербаев - Тищенко жекпе-жегінің тікелей трансляциясы
Бүгін, 2 қарашада Екатеринбургте бокс кеші өтеді. Мұндағы негізгі жекпе-жектердің бірі бірінші ауыр салмақтағы WBO Inter-continental белбеуі үшін айқасқа түсетін қазақстандық Иса Ақбербаев (20-0, 15 КО) пен Ресей боксшысы Евгений Тищенко (5-0, 3 КО) арасында болмақ, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ресей былғары қолғап шебері аталмыш белбеудің қазіргі иесі саналады және Ақбербаевқа қарсы жекпе-жекте қорғауға күш салмақ.
Еске сала кетелік, Евгений Тищенко 2016 жылғы Рио Олимпиадасының финалында қазақстандық Василий Левитті жеңген болатын, алайда төрешілер шешімі тым күмәнді болды.
Екатеринбургтегі бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17.50-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или