Бокс

Серік Сәпиев Головкинді жеңген боксшымен кездесті

Серік Сәпиев Головкинді жеңген боксшымен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Дағыстан Республикасының спорт министрі Гайдарбек Гайдарбековпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Baigenews порталына сілтеме жасап.

Кездесу ҚР мәдениет және спорт министрлігінде өтті. Делегация өкілдері мен жергілікті тараптар спорт саласындағы мәселелерді және өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Аталмыш кездесуде мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов та бой көрсетті.

Гайдарбек Гайдарбеков 2004 жылы бокстан Олимпиада чемпионы атанған. Афинада ол қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер