Ковалев пен Альварес жекпе-жегі үшін қанша ақша алады
Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) 2 қараша күні Лас-Вегастағы (АҚШ) MGM Grand аренасында өтетін жекпе-жекке қатысатын боксшылардың қанша гонорар алатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кештің басты жекпе-жегінде WBO жеңіл салмақтағы чемпиондық титул үшін Сергей Ковалев пен Сауль «Канело» Альварес жұдырықтасады. Ковалев 3 миллион, Альварес 35 миллион доллар гонорар алады.
WBC күміс және WBO NABO жеңіл салмақтағы Солтүстік Американың чемпионы атағы үшін шайқаста Райан Гарсия 250 мың, ал оның қарсыласы Ромеро Дуно 50 мың алады.
АҚШ-тың WBC чемпионы (USNBC) орта салмақтағы титул үшін жекпе-жекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановқа 12,5 мың, Кристиан Оливасқа 12 мың қаржы беріледі.
Бірінші орта салмақтағы жекпе-жекте Бахрам Муртазалиев 55 мың, ал Хорхе Форте 20 мың алады.