Қазақстандық ауыр атлеттер лицензиялық турнирде бақ сынайды

Қазақстандық ауыр атлеттер лицензиялық турнирде бақ сынайды

Қазақстандық спортшылар Гроднода «Alexander Cup» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Беларусь Республикасының Гродно қаласында ауыр атлетикадан «Alexander Cup» (Александр кубогы) халықаралық турнирі басталады.

СССР-дың еңбек сіңірген спорт шебері (1987), екі дүркін Олимпиада чемпионы (1988 және 1992) және әлемнің төрт дүркін чемпионы Курлович Александр Николаевич атындағы турнирге 300-ге жуық спортшы қатысады.

Халықаралық біріншілікте Қазақстанның намысын мына атлеттер қорғайды:

Нижат Рахимов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Денис Уланов - 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Игорь Сон - 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Зүлфия Чиншанло - 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде

Екатерина Быкова – 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или