Нұр-Сұлтанда ҚПЛ-дың үздік футболшыларын марапаттайды

Нұр-Сұлтанда ҚПЛ-дың үздік футболшыларын марапаттайды
Қазақстан футбол федерациясы 2019 жылғы маусымның қорытындысы бойынша үздік футболшылар, бапкерлер және менеджерлерді салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 
 Шара 11 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді. Басталуы - 18:00.

Марапаттау рәсімінде ерлер және әйелдер футболы, жағажай футболы мен футзалдың үздіктері анықталады.

Сонымен қатар, шараға үміткерлерден бөлек, футбол ардагерлері, БАҚ өкілдері, шоу-бизнес, телеарна, кино мен отандық эстрада жұлдыздары шақырылады. Салтанатты шараны «Хабар» телеарнасы көрсетеді. 

Барша футболсүйер қауым мен жанкүйерлерді футбол маусымының жабылу рәсіміне шақырамыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или