Керімбаева екі жылдық жазадан кейін тенниске оралды
Камила Керімбаева мысырлық Шарм-эль-Шейхте өтіп жатқан Soho Square Egypt W15 week 12 турнирінде жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бірінші айналымда қазақстандық теннисші польшалық Вероника Фальковскаядан екі сетте жеңілді - 4:6, 4:6.
Бұған дейін Керімбаева іріктеу кезеңінде екі матч ұтқан болатын.
Айта кетейік, Камила тыйым салынған мельдоний қолданғаны екі жылға спорттан шеттетілген болатын. Мысырдағы жарыс оның алғашқы турнирі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или