Qazsport арнасы Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегін көрсетеді
Qazsport арнасы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (12-0, 8 КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.
Мейірім Нұрсұлтанов 2 қараша күні «Канело» — Ковалев жекпе-жегінің андеркардында шаршы алаңға қайта шығады. Қазақстандық боксшы жекпе-жегін мексикалық Кристиан Оливасқа (16-5, 13 КО) қарсы өткізеді.
Жекпе-жек Qazsport арнасы 3-қараша күні таңғы сағат 6:30-да тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Артур Осиповты жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или