Қазақстан ұлттық құрамасының форварды еуропалық клубқа ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасының форварды, 36 жастағы Мартин Сен-Пьер еуропалық клубқа ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Канадалық хоккей мектебінің түлегі Англияның «Шеффилд Стилерс» командасынан венгриялық «ДВТК Егешмедвек» клубына ауысты.

«Jegesmedvék» сөзі «Поляр аюлары» деген мағынаны білдіреді.

Айта кетейік, Сен-Пьер еліміздің ұлттық құрамасы сапында ойнаған. Жалпы есепте 10 матч өткізіп, 1 шайба соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или