Елизавета Синельникова джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Елизавета Синельникова Грекия елінде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінше, Грекияның Крит аралында жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті.
«Елизавета осы спорт түрінен жоғары жетістікке қол жеткізіп отырған тұңғыш ақмолалық қыз. Жерлесіміз 48 келі салмақта сынға түсті. Ол джиу-джитсудың «Неваза» түрі бойынша төрт кездесу өткізіп, оның барлығында да жеңіске жетті», - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Жарысқа әлемнің 22 елінен 600 жуық спортшы қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или