Қырғызбаев: Әлем чемпионатындағы қателікті қайталамауға тырыстым
«Grand Slam» әлемдік жарысында жеңімпаз атанған Ғұсман Қырғызбаев жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Әбу-Дабиде өтіп жатқан «Grand Slam» жарысында жеңімпаз атанғаныма шын қуаныштымын. Әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін бапкерлермен бірге қатемен жұмыс істедік. Дүниежүзілік біріншілікте жіберген қатені қайталамауға барымды салып, өте мұқият күрестім.
Жоспарымыз орындалып, жеңіске жеттім. Қай белдесуді алсақ та оңайға соққан жоқ. Бапкерлердің еңбегі ақталды деп ойлаймын. Бізге жанкүйер болып, жанашыр болған барша дзюдо сүйер қауымға қолдаулары үшін алғыс білдіргім келеді», - дейді Ғұсман Қырғызбаев.

Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде жеңімпаз атанды
Дзюдошыларымыз әлем рейтингісінде жоғарылады