«Барыс» өз алаңында «Металлургтен» жеңіліс тапты
Бүгін елордада «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Үш матчтық үй сериясын өткізген астаналық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, 25 қазанда Магнитогорскте өткен кездесуде «Барыс» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Металлург» (Магнитогор, Ресей) 1:2 (0:1, 1:1, 0:0)
Шайбалар:
0:1 — 05:47 Паршин.
1:1 — 29:58 Диц (Старченко, Найт).
1:2 — 32:56 Матушкин (Коробкин, Тимкин).

Қақпашылар: Паскуале — Галимов
«Барыс» соңғы алты ойынның төртеуінде қарсыласына есе жіберді.
Енді «Барыс» елордада екі ойын өткізеді. Алдымен 31 қазанда Ресейдің «Автомобилистімен» (Екатеринбург) кездессе, 2 қарашада ЦСКА (Мәскеу) командасын қабылдайды.