Волейболдан Қазақстанның лицензиялық турнирдегі қарсыласы анықталды

Волейболдан Қазақстанның лицензиялық турнирдегі қарсыласы анықталды

7-12 қаңтар күндері Тайландтың Нахонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасындағы құрлықтық іріктеу турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Аталған додада 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама таратылады. </span>

<span>Іріктеу сынында екі топқа бөлінген жеті команда сынға түседі. «А» тобында Тайланд, Қытайлық Тайпей және Австралия,  «В» тобында Оңтүстік Корея, Қазақстан, Иран және Индонезия бақ сынайды.  </span>

<span>Бірінші ойынды қазақстандықтар Иранға қарсы өткізсе, екінші кездесуде Индонезия, үшінші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасымен жолығады. </span>

<span> Құрлықтық іріктеу сынында бір жолдама сарапқа салынатындықтан, тек жеңіске жеткен команда ғана Токио Олимпиадасына лицензия иеленеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или