Қазақстандық боксшы төрт жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралмақшы

Қазақстандық боксшы төрт жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралмақшы

25 жастағы қазақстандық Роман Жайлауов (15-2, 9 КО) төрт жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға оралмақшы, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Boxrec порталының мәліметінше Жайлауов Данияда 31 қаңтарда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Кездесу алты раундқа жоспарланып отыр. Романның қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Жайлауов соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Қазақстандық боксшы Конго ДР боксшысы Полу Камангаға (21-2, 12 КО) есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или