Арман Рысбек әлемдік рейтингіде көтерілді

Арман Рысбек әлемдік рейтингіде көтерілді

Қарсыласын бірінші раундта сұлатқан қазақ боксшы Арман Рысбек әлемдік рейтингте шарықтай көтерілді.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Арман Рысбек (7-0, 6 КО) өз дивизионында бірден 325 саты жоғарлады. Өткен демалыс Алматыда өткен бокс кешінде Арман өзбекстандық Мухитдин Раджапбаевпен (10-7-1, 7 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, алайда, қазақ боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.  Осылайша, Арман Рысбек BoxRec рейтингінде 201-ші орынға жайғасты.

Еске салайық, Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Қанат Ислам (26-0, 21 KO) WBO International белбеуі үшін намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) жұдырықтасқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или