«Ювентус» пен «Реал» арасында Мбаппе үшін талас жүріп жатыр

«Ювентус» пен «Реал» арасында Мбаппе үшін талас жүріп жатыр

«Ювентус» франциялық шабуылшы Килиан Мбаппені қатарға қосқысы келеді,  деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.

Tuttosport порталының мәліметі бойынша, туриндік клуб футболшы үшін 380 млн еуро (трансфер, жалақы) беруге дайын екен. 

Жақында ПСЖ форвардқа жалақысы 50 млн еуро болатын бес жылдық келісімшарт ұсынған болатын. Алайда<span> </span>Мбаппе ұсыныстан бас тартты.

Мадридтік клуб басшысы Флорентино Перес директорлар кеңесіне Мбаппені алса, «Бернабеу» он жыл бұрынғы жетістігіне қол жеткізе алады деп сендіріп отыр.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.

«Корольдік клуб» президенті Флорентино Перес футболшы үшін 230 млн еуро төлеуге дайын болған. Алайда ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи шабуылшыны сатудан бас тартты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или