Видео. GGG-дің ізбасары 16-шы жекпе-жегіне қол жеткізді
Украиналық боксшы Сергей Богачук америкалық Тайрон Брансонды нокаутқа түсіріп, бірінші орта салмақта WBC Continental Americas белбеуін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>АҚШ-тың Голливуд қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Богачук қарсыласын бір рет нокдаунға түсірді, ал төртіншісінде Брансон тағы екі рет құлап, төреші жекпе-жекті бірден тоқтатты.</span>
<span> 24 жастағы Богачук 16 кездесуінің барлығын да нокаутпен жеңген. 34 жастағы Брансон сегізінші рет жеңілді, ол 28 кездесуінде жеңіске жеткен (25 нокаут) және екі рет тең түскен. </span>
<span>Айта кетейік, Богачук - Брасон бокс кешін қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер ұйымдастырды. </span>
<span></span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или