WBO Қанат Исламның жеңісіне қатысты пікір білдірді
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) намибиялық Уолтер Каутондоквоймен (18-2, 17 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
<span>Ислам төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес жеңімпаз атанып, WBO International нұсқасы бойынша алғашқы орта салмақтағы чемпион белдігін сақтап қалды.</span>
<span>«Ислам – WBO рейтингінде 8-нөмірде тұр және одан жоғары көтерілуі мүмкін. Бұл Қанат үшін ең керемет бокс кеші болмаса да, ол жеңіске жететіндей жеткілікті әрекет жасады», - деп жазды WBO.</span>
<span>Еске сала кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или