Бүкіләлемдік әскерилер ойыны: Боксшыларымыз 2 алтын медаль алды
Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік әскерилер ойынында бокстан финалдық бәсекелер аяқталды.
Ақтық айқаста Қазақстан сапынан төрт боксшы айқасып, олардың екеуі жеңіске жетті. 49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов, 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асанбек Шымбергенов турнир жеңімпазы атанды.
Ал Ділмұрат Мижитов (64 келі) пен Абзал Құттыбеков (91 келі) финалда ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді.
75 келідегі Тимур Нұрсейітов пен 81 келідегі Аят Мәржікпаевтар жарыстың қола жүлдегерлері қатарында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или