Серік Қонақбаев мерейтойын атап өтті

Серік Қонақбаев мерейтойын атап өтті

Кеше, 25 қазанда 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев 60 жасқа толды, деп жазады Prosports.kz.

Қонақбаев Еуропа чемпионы атанған алғашқы қазақстандық боксшы. Отандасымыз бұл атақты екі рет жеңіп алған. Ал 1980 жылы Олимпиада ойындарының «алтыны» үшін жекпе-жекте италиялық Патрицио Оливадан жеңіліп, күміс медаль алды.

Бокспен 14 жасынан бастап айналысқан Қонақбаев әуесқой бокстағы мансабын бар болғаны 24 жасында аяқтады.

Қонақбаев 1981 жылы ең үздік әуесқой боксшы деп танылды. Осыдан кейін оған атақты кәсіпқой боксшы Рэй Шугар Леонардпен жекпе-жек өткізу ұсынылды. Алайда КСРО үкіметі Қонакбаевқа бұл кездесуді өткізуге тыйым салды.

Қонақбаев 1991 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болды. Кейіннен Қазақстан Республикасының әуесқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті және Қазақстан бокс федерациясының сот жүйесімен жұмыс жөніндегі вице-президенті болды.

Қонақбаев сонымен қатар AIBA вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының (ASBC) президенті лауазымдарын да атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или