Садриддин Ахмедов қазақстандықтарды өзінің жеңісімен құттықтады

Садриддин Ахмедов қазақстандықтарды өзінің жеңісімен құттықтады

Кәсіпқой рингтегі 10-ншы кездесуін де жеңіспен аяқтаған Садриддин Ахмедов Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«<span>Ассалаумағалейкум баршаңызға! Алланың қалауымен жеңіске жеттік. Қазақ бокс жанкүйерлеріне көп рахмет! Қазақ еліне рахмет! Жекпе-жекке дайындаған тактикамыз 100 пайыз орындалмаса да, Алла қазақ еліне жеңіс сыйлады және алдағы жекпе-жегімізге толық дайын болып, көк туымызды көтеріп және жарқын жеңіс сыйлауға барымды салатын боламын. Өз тарапымнан жағдайымды айтып ақталмаймын, бірақ желтоқсан айындағы кездесуге толық дайын болып, көк байрағымызды көтеріп, жекпе-жектің қызықты және тартымды өтуіне сөз беремін Алланың қалауы біздің қойған мақсаттарымыздан артық, сондықтан баршаңызды жеңістеріңізбен құттықтаймын! Алға қазақ елі!», деп жазды Садриддин.</span>

 

Еске сала кетелік, бүгін Канаданың Квебегінде өткен бокс кешінде жерлесіміз Садриддин Ахмедов 8 раундтық жекпе-жектің 7-раундында мексикалық Джонни Навареттені  техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или