Төрт қазақстандық боксшы бүкіләлемдік әскерилер ойынының финалына шықты

Төрт қазақстандық боксшы бүкіләлемдік әскерилер ойынының финалына шықты

Қытайдың Ухань қаласында бокстың жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

2019 жылғы Бүкіләлемдік әскерилер ойындарының алтын медалдері үшін Қазақстаннан: Теміртас Жүсіпов (49 келіге дейінгі салмақта), Ділмұрат Мижитов (-64 кг), Асланбек Шымбергенов (-69 кг) және Абзал Құттыбеков (-91 кг) таласады.

Тимур Нұрсейтов (-75 кг) пен Аят Маржикпаев (-81 кг) ойындардың қола жүлдегері атанды.

VII Бүкіләлемдік әскерилер ойындары 27 спорт түрінен өткізілуде. Оған 109 елдің 9308 әскери спортшылары қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или