Азиада. Мая Манезаның рекорды жаңарды
<p style="text-align: justify;">
<strong>2014 жылғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан 63 келі салмақ дәрежесінде қатысқан Тайпей спортшысы Линь Цу Чи жұлқа көтеруде әлемдік рекорд жасады.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Осы салмақтағы рекордтық көрсеткіш (143 келі) 2010 жылы қазақстандық Олимпиада чемпионы Мая Манезаға тиесілі еді. Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында Линь Цу Чи Манезаның рекордын қайталады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Одан кейін қытайлық Дэн Вэй 144 келіні еңсерді. Алайда, аздан соң Линь соңғы шыққанында 145 келі көтеріп, рекордтық көрсеткішті өзіне жазды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или