GGG мен Деревянченконың допинг-сынақтарының нәтижелері белгілі болды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10КО) арасындағы титулдық жекпе-жекке дейін және одан кейін тапсырған допинг-сынақтарының нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

VADA Головкин мен Деревянченконы боксшылар қол қойған «Таза бокс» бағдарламасы аясында жекпе-жекке дейін және кейін допинг-тестілеуден өтуге шақырған болатын. Қос боксшы ұсынысты қабыл алған еді

«Головкин мен Деревянченконы 6 қазанда өтетін допинг-ерікті тестілеу бағдарламасының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз», - деп жазады VADA ресми твиттер парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, GGG он екі раундқа созылған жекпе-жекте Сергей Деревянченконы төрешілер шешімімен жеңіп IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына ие болған еді.