Ақтауда жаңа стадион салынады
Ақтаудың 32-шағынауданындағы Yessenov University аумағында әлемдік стандартқа сай келетін стадион салынады.
<span>Бұл туралы аталған университеттің экономика департаментінің директоры Нұрболат Батыков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде жоба өңірдегі «Каспий» футбол клубымен және бас бапкермен келісілген.</span>
<span>Жаңа стадион халықаралық стандартқа сай келеді.</span>
<span>«Жоба бойынша 520 миллион теңге бөліну жоспарланып отыр. Құрылыс аумағы 1,5 гектар болмақ. Қай мекеменің салатыны белгісіз. Конкурс жарияланады. Сондай-ақ, инвесторларды тарту жоспарланып отыр», - деді Нұрболат Батыков.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или