Қанат Ислам әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында енді
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) әлемдік рейтингте үздік 10 спортшының қатарына енді.
WBO International белбеуінің иегері Қанат «Қазақ» Ислам әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында. WBO тұжырымының жаңартылған рейтингінде отандасымыз сегізінші орынға тұрақтаған. Ал орта салмақтағы WBO титулына дәл қазіргі кезде Деметриус Андраде иелік етеді. Топ басында канадалық Свен Батлер, екінші және үшінші орындарда америкалық Алантез Фокс пен ирландиялық Люк Килэр тұр.
Айта кетейік, Қанат Ислам 26 қазан күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының қатарында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или