Еуропа чемпионатының жолдамасы қоржында

Еуропа чемпионатының жолдамасы қоржында

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынында Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасын 5:0 есебімен ұтты.

Кака шәкірттері қарсыластың қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Біздің команданың қатарынан қорғаушы Дуглас Жуниор хет-трик авторы атанса, қақпашы Игита мен шабуылшы Арнольд Кнауб бір-бір мәрте көзге түсті. 

Екі жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы  2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды. Элиталық кезең 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтеді. Қарсыластары 7 қараша күні анықталады. 

Топтық кезеңнің соңғы ойынын біздің жігіттер 26 қыркүйек күні алаң иелері Румыния құрамасына қарсы ойнайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или