Мансабын аяқтаған Фируза Шарипова шаршы алаңға орала ма?
Жақында мансабын аяқтаған қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова (10-1, 5 КО) қандай жағдайда шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>- Егер Майва Хамадушқа қарсы жекпе-жекке дайындық пен ұйымдастыруына $1 миллион бөлінсе қайтып ораламын. Ринге оралып, Майваны Қазақстанды жеңемін де, әлемде нөмірі бірінші боксшы боламын!, - деп жазды Фируза Instagram парақшасында.</span>
<span>Боксшы қаржылық қиындықтарға байланысты мансабын аяқтады. Ол WBC титулы үшін өтуі қажет болған жекпе-жекті ұзақ күткенін, алайда қаржылық және өзге де қиындықтарға байланысты әлі күнге ұйымдастырылмағанын атап өтті. Сондай-ақ Фируза үлкен жекпе-жек өткізу үшін кеткен еңбегі, уақыты мен қаржысының ақталмайтынын айтып, күтуден шаршағанын жеткізді.</span>
<span>Айта кетейік, Фируза Шарипова мансабында 11 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде ұтылды.</span>