Жәнібек Әлімханұлы: «Қазақ стилі» әлемдегі №1 стиль екенін тарихқа шегелейміз
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) кезекті жекпе-жегі туралы пікірімен бөлісті.
- 9 қарашада 27 жекпе-жек өткізіп, оның 24-ін жеңген канадалық тәжірибелі боксшымен жұдырықтасамын. Бұйыртса екі белбеуімді қорғаймын. Дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. «Қазақ стилін» әлемге тағы бір көрсетуді асыға күтіп жүрмін!
Әрине біз күткендей қарсылас әлемге әйгілі емес. Иә, чемпиондармен шықпаған. Бірақ мещок емес. Біз мещоктармен шықпаймыз. Оны жанкүйерлер жақсы біледі. 7-0 рекордты боксшымен атақтылар шықпайды екен мұнда. Чемпиондардың бәрін жекпе-жекке шақырып жатырмыз.
Дегенмен әр жұдырықтасуымыз олармен жүздесуге жақындатуда. Аз қалды! «Қазақ стилі» әлемдегі №1 стиль екенін тарихқа шегелейміз, бұйыртса! Жеңісте жүздесейік, - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram парақшасында (еш түзетусіз алынды).
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде канадалық Стюарт МакЛелланды техникалық нокаутпен жеңген болатын.