Тоқаев пен Лукашенко Надаль - Джокович матчын тамашалауға келеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь елінің басшысы Александр Лукашенко испаниялық Рафаэль Надаль мен Сербия спортшысы Новак Джокович матчын тамашалауға келеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sputnik порталына сілтеме жасап.
Қайырымдылық аясында өткізілгелі тұрған елеулі оқиғаның қаһармандары бүгін түнде Нұр-Сұлтанға ұшып келді.
Баспасөз мәслихаты мен шеберлік сабағына қатысатын теннисшілер жергілікті уақытпен 17.55-те көрме матчын өткізеді. Ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы тамашалауға болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или