Джокович пен Надаль Нұр-Сұлтанға келді
Бүгін түнде сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надаль өз командаларымен Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайына келіп қонды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Теннисшілер «Барыс Аренада» жергілікті уақытпен 19.00-де қайырымдылық матчын өткізуі тиіс. Спортшылар ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, шеберлік сабағын көрсетеді.
Еске сала кетейік, аталмыш шарадан түсетін қаржы түгелдей қайырымдылық мақсатқа жұмсалады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или